Құқықтық тәртіпті сақтауды қоғамдық бақылау қажет

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың басшылығымен Қоғамдық кеңестің құқықтық комиссиясы “Азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етуде облыстың құқық қорғау органдарының жұмыс жағдайы туралы” сұрақты қарастырып, талқылауға енгізді.

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2017-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес “Қазақстан зорлық-зомбылықсыз” Жол картасы іске асырылуда.

Қарағанды облысында 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеу 23% – ға, қарақшылық 8% – ға, тонау 21,6% – ға төмендеді.

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев учаскелік инспекторлардың жұмысында оң үрдістерді атап өтті. Облыс тұрғындарын ақпараттандыру және кері байланыс мақсатында жиын, республикалық “Жолдағы қабылдау”, “Азаматтарды мобильді қабылдау” акциялары өткізіледі.

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен қалалар мен аудан орталықтарында 4 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды, олар құқық бұзушылықтың жолын кесуге және ашуға ықпал етеді, бұл жұмысқа “Қазақтелеком” АҚ қосылды. Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік шеңберінде тек облыс орталығында 1586 бейнекамералар, 396 ауланы қамтитын 793 кіреберісте, тиісінше қалаларда, Шахтинскте-257, Саранда – 156, Абайда – 60 астамы орнатылды.

Қарағанды облысының полиция департаментіне алдын алу шараларын қабылдау үшін Облыстың Қоғамдық кеңесіне келіп түскен Жезқазған қаласының тұрғыны Алик Герововтың жазбаша өтініші тапсырылды.