Қостанай облысы кәсіподақтар орталығының төрайымы Елбасының қолынан марапат алды

Қостанай облыстық мәслихатындағы партия депутаттық фракциясының жетекшісі, Қостанай облысының кәсіподақтар орталығының төрайымы Екатерина Смышляева Нұр-Сұлтан қаласында аймақтық филиалдар өкілдерімен өткен партия кеңесінде «Nur Otan» партиясының дамуына қосқан үлесі, Еңбек адамының әлеуметтік-еңбек мүддесі жолындағы ерен еңбегі үшін «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Медальді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев табыстады.