«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмысшыларының жалақысын 33% көтеруге байланысты «М-Техсервис» ЖШС жұмысшылары да өз басшылығына жалақыны көбейтуге өтініш білдіріп, қанағаттандырылмаған жағдайда барлық жұмыстар тоқтатылатынын хабарлаған.
«М-Техсервис» ЖШС «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік Қоғамына сервистік қызметтер көрсететін мердігер компания.
Компаниядағы кәсіподақ ұйымының төрағасы К. Базарбаевтың мәліметі бойынша 20 ақпанда серіктестік жұмысшылары уақытша жұмыстарын тоқтатқан.
Өз кезегінде компания басшылығы бұл мәселені 1 наурызға дейін шешуге уәде берді. Жағдай аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бақылауында.
21 ақпанда «М-Техсервис» ЖШС ереуілге шыққан жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кәсіподақтардың қатысуымен өткен келіссөз барысында жұмысшылардың талаптары қаралып, 1 ақпанынан ИТЖ жалақысын 15%, өндірістегі жұмысшылардың жалақысын 33% арттыру туралы шешім қабылданды.
«М-Техсервис» ЖШС жұмысшылар саны – 400. Олардың 280-і кәсіподаққа мүше. Серіктестіктегі бастауыш кәсіподақ салалық мұнай-газ кәсіподағының құрамына кіреді. Төрағасы – Е. Мустафина.