Кеңқияқ: мәселе шешілді

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмысшыларының жалақысын 33% көтеруге байланысты «М-Техсервис» ЖШС жұмысшылары да өз басшылығына жалақыны көбейтуге өтініш білдіріп, қанағаттандырылмаған жағдайда барлық жұмыстар тоқтатылатынын хабарлаған.

«М-Техсервис» ЖШС «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік Қоғамына   сервистік қызметтер көрсететін мердігер компания.

Компаниядағы  кәсіподақ ұйымының төрағасы К. Базарбаевтың мәліметі бойынша 20 ақпанда серіктестік жұмысшылары уақытша жұмыстарын тоқтатқан.

Өз кезегінде компания басшылығы бұл мәселені  1 наурызға дейін шешуге уәде берді.   Жағдай аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бақылауында.

21 ақпанда «М-Техсервис» ЖШС  ереуілге шыққан жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кәсіподақтардың қатысуымен өткен келіссөз барысында жұмысшылардың талаптары қаралып,  1 ақпанынан ИТЖ жалақысын 15%, өндірістегі жұмысшылардың жалақысын 33% арттыру туралы шешім қабылданды.

«М-Техсервис» ЖШС  жұмысшылар саны – 400. Олардың 280-і кәсіподаққа мүше. Серіктестіктегі бастауыш кәсіподақ салалық мұнай-газ кәсіподағының құрамына кіреді. Төрағасы – Е. Мустафина.