Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы еліміздегі әлеуметтік әріптестік тарихында тұңғыш рет ең ірі жұмыс беруші «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» Консорциумымен келісімге қол қояды

28 ақпан  2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіподақтар Үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы мен «Қарашығанақ  Петролиум Оперейтинг Б.В» (ҚПО) Консорциумы арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы корпоративтік-әлеуметтік келісім бекітіледі.

Құжатқа  ҚРКФ төрағасының міндетін атқарушы Сатыбалды Дәулеталин мен   «Қарашығанақ  Петролиум Оперейтинг Б.В»  консорциумының бас директоры Эдвин Блом қол қояды.

Корпоративтік-әлеуметтік келісімге тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет қол қойылады және республикалық кәсіподақтық бірлестік пен ірі компания арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамытуға негіз болады.

Ынтымақтастық аясында тараптар жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын сақтау мен қорғау,  лайықты еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау, денсаулық және экологиялық қауіпсіздік саласындағы бірлескен өзара әрекеттестікті нығайтуға ниетті.

Ынтымақтастықтың басым бағыттарының қатарында еңбек жанжалдарының алдын-алу мен болдырмау және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бар.

Анықтама үшін: ҚР Кәсіподақтар Федерациясы– 2 миллион адамның басын біріктіретін елдегі ең ірі қоғамдық бірлестік. Федерация құрамына 17 аумақтық және 24 салалық кәсіподақ бірлестіктері кіреді. ҚРКФ қызметі әлеуметтік әріптестік негізінде жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқығын қорғауға бағытталған.

«Қарашығанақ  Петролиум Оперейтинг Б.В» Консорциумы – Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ конденсаты кен орны. Ауданы 280 шаршы шақырымнан асады. Компания Қазақстанның газ өндіру саласындағы көшбасшысы. 2018 жылы ҚПО 148 миллион барель мұнай өндірген. Бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады.

Әлеуметтік жауапты компания өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті тұрғындар мен жалпы Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық игілігін барынша арттыру мақсатында  Қарашығанақ кен орнының әлеуетін тиімді пайдалануға ұмтылып отыр.

   БАҚ өкілдерін осы іс-шара туралы ақпарат таратуға шақырамыз

Тіркелуге өтінішті  осы жылғы 27 ақпан күні, сағат  17:30 дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Өткізу уақыты: 27 ақпан,  сағат 09:00

Өтетін жері:  Нур-Султан «Кәсіподақтар үйі»,  Абая даңғылы, 38

Тіркелу бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

Зейнет Мұсабаева +77011254911, e-mail: zenyamussabay@gmail.com

Линара Сақтағанова +7-701-254-63-59, e-mail: evraziyatranscom@mail.ru