Ер еңбегімен сыйлы!

«Келешек – 2020» кәсіподақ еріктілерінің лагерін өткізу аясында «Ер еңбегімен сыйлы» Республикалық акциясы шеңберінде Елбасының замандасы Омашев Қуаныш Омашевич, Қарағанды облысының қоғам қайраткерлері және бизнесмендерімен, «Интерстройсервис и К» ЖШС Бас директоры, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт Досжанов, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ ҚОФ төрағасы Ноян Бидайбаев, «Қарағанды облысының кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Вера Бородинамен кездесу өтті.

Бұл кездесу жас ұрпаққа Елбасының өмір жолының кезеңдері туралы курстастары мен әріптестерінің аузынан естуге мүмкіндік берді. Елбасының серіктестері естеліктерімен бөлісіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде Бейбіт Досжанов өз қызметі мен табысқа жету жолдары туралы айтып берді. Өз сөзінде ол Қазақстанда посткеңестік кеңістіктегі барлық елдермен салыстырғанда шағын және орта бизнесті дамыту үшін ең қолайлы жағдай екенін атап өтті. Мемлекет дамыса – бизнес дамиды, мемлекеттік заңдар өзгеріп, жетілдірілу үшін – бизнес заңдары өзгеруі тиіс.

Соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға қонақтардан жауап алып, алғыстарын білдірді.

Алғыс күні аясында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина форумға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың атынан қонақтарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.