Кәсіподақ жастары «JAS OTAN»-мен өзара байланыс орнатуда

Кәсіподақ үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облыстық Кәсіподақ орталығының «Келешек» Жастар кеңесі мен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы арасында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім аясында тараптар Қарағанды облысында жастар саясатын ілгерілету бойынша бастамаларды бірлесіп әзірлеуге және жүзеге асыруға келісті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың, жаңа жұмыс орындарын құрудың және еңбекақыларды арттырудың негізгі бағыттарын атап өтті. Қойылған міндеттерді шешу мақсатында «Келешек» Жастар кеңесі және «Jas Otan» Жастар қанаты еңбекшілердің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша, сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және шешу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге бірлесіп қатысатын болады.

Айжан Таубебаева – Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы және Ержан Хамитов – «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы жастарды партия мүшелігі мен кәсіподақ қозғалысына тарту бойынша бірлескен белсенді жұмыстың маңыздылығын атап өтті.