Кәсіподақ федерациясы карантин үшін мемлекетке тағы бір қонақ үйін берді

«Өскементурист» ЖШС ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың #BIZBIRGEMIZ  ұранына үн қосудың белгісі ретінде әрі ҚР Кәсіподақтар федерациясының тапсырмасы бойынша  Өскемен қаласының әкімдігімен коронавирусқа қарсы  күреске тартылған адамдарды орналастыру туралы келісімге қол қойған болатын. Өткен сенбіде бұл жерде  жедел жәрдем боригадалары, дәрігерлер мен медбикелер жатқызыла бастады.  Олардың барлығы коронавируспен күрестің алғы шебінде яғни өңірдегі стацинонарларда жұмыс істейді. Атап айтқанда, оқшауланған және коронавирус инфекциясын  жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылауға жұмылдырылған  және коронавирус күдігі бойынша шақырылатын жедел жәрдем қызметкерлері.

Бүгін таңертең қонақ үй әкімшілігі 80-нен астам медицина қызметкерлерін орналастырды. Қонақ үйде  оларға барлық қажетті жағдай жасалып отыр. Бөлмелер күн сайын тазартылады, үш рет тамақ беріледі. Жалғыз ыңғайсыздық,  дәрігерлер карантин кезеңінде туғандарын көре алмайды. Бұл мәжбүрлі шара инфекцияның таралмауы үшін жасалып отырғаны белгілі.

Жалпы Өскемен қаласындағы екі қабатты қонақ үйдің  111 орындық 78 нөмері бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Кәсіподақтар федерациясы елімізде ТЖ енгізілгеннен бастап өз құрамындағы шипажайлар мен қонақ үйлерді карантин үшін уақытша мемлекет қажеттілігіне беріп, короновируспен күрестің алғы шебіне шықты.

Атап айтқанда, Алматыдағы «Көктем» кәсіподақ шипажайына шетелден келгеннен кейін карантинге жатқызылған отандастарды қабылдау 27  наурыздан басталды. Уақытша карантиндік ауруханаға айналған шипажайдың алғашқы қонақтары елге оралған 136 азамат болды. Малайзиядан, Ресейден, Америкадан, Германиядан және басқа елдерден келген жүздеген қазақстандықтар «Көктем» шипажайында карантиннен өтті. Олардың көпшілігі шетелде оқып жатқан студенттер. 12 сәуірден бастап тағы 86 адам   (83 адам – ​​ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МҚК (12-қалалық аурухана) және Куала-Лумпурдан 3 адам келген)  карантинге жатқызылды. Осыдан бірер күн бұрын мұнда тағы 53 адам қабылданды. Іссапарға келген медицина қызметкерлері мен әскери қызметкерлер, сонымен қатар, санаторий қызметкерлерінің бір бөлігі (барлық кәсіподақ мүшелері) осы жерде орналасқан және ерекше қажеттіліктер үшін жабдықталған жатақханада тұрады. Күн сайын «Көктем» кәсіподақ санаторийінің 40 қызметкері тәулік бойы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің 6 дәрігеріне көмек беруде.  Олар карантинге жатқызылған қазақстандықтардың денсаулығын бақылап, медициналық қызметтермен, санитарлық-гигиеналық құралдармен, күніне үш рет тамақпен және басқа да  барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуде. Шипажай қызметкерлері карантиндегілерге ыңғайлы болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. «Көктем» шипажайы»АҚ басшылығы осында келетін қазақстандықтар үшін 4 айлық азық-түлік қорын қамтамасыз етті.

Кәсіподақтар федерациясы елордада жергілікті билікке көмекке “Турист” қонақ үйін берген болатын. Қалалық әкімдік мұнда негізінен шетелден оралған қазақстандықтарды карантинге жатқызды. Тарқата айтқанда, алдымен наурыздың 23-і күні уақытша карантиндегі 146  қазақстандықтың тест нәтижесі теріс шығып, үйлеріне жіберілді. Наурыздың 28-і күні олардың орнына  шетелден ұшып келген 65 қазақстандық карантинге жатқызылды. Келесі күні яғни наурыздың 29-да олардың қатарына  180 адам қосылды. Тексеріс барысында карантинге жатқызылғандардың ешқайсынан коронавирус  белгілері анықталған жоқ. Карантинге жатқызылған жерлестерімізге мұнда қажетті жағдай жасалып,  қонақ үйдің барлық қызметкерлері дәргерлерге көмекке жұмылдырылды.

«Жаңақорған» шипажайына  1 сәуірден бері 171 адам карантинге жатқызылды. Олардың 4-інен коронавирус табылып,  аудандық ауруханаға жіберілді. Бүгінде 85 адам емделіп шықты, қазір 82 адам жатыр. Бұлардың барлығы Жаңақорған ауданының тұрғындары. Карантиндегі жаңақорғандықтарға ем-дом жасап жатқан дәрігерлерге 17 кәсіподақ мүшесі көмектесуде. Олардың барлығы осы шипажайдың қызметкерлері. Жалпы шипажайдың  380 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар.