Қымбатты достар!
Сіздерді айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Баршаңыздың ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын!
Отыз күн оразада ықылас-пейілдеріңіз мейірімге ұласып, бір-бірімізге деген құрметіміз арта түссін.Оразадан оразаға аман-есен жеткенімізге қуаныш білдірісіп, жақсы амалдарымызды арттыра түсейік. Рамазан айында жанымыз ізгілікке бөленіп, жүрегіміз тазара түседі.
Бір-бірімізге кешіріммен,мейіріммен қарап,бүгінгі таңда жер жүзін қаусырып тұрған осынау бір індеттен аман-есен арылуға жазсын! Рамазанның шапағаты барша адамзатқа амандық пен бақ-дәулет әкелсін!
Ізгі тілекпен, ҚРКФ төрағасының м.а С.Т.Дәулеталин