Адам еңбегімен керемет

Көпбаев Талғат Ерғалиұлы – «Қарағанды облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік мекемесінің эпидемиологы. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін бітірген. «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар.

2019 жылы Алматы облысынан Қарағанды өлкесіндегі туған жеріне көшіп келді. «Талдықорған обаға қарсы станция» Республикалық мемлекеттік мекемесінде аса қауіпті инфекциялардың алдын-алу саласында 10 жылдық тәжірибесі бар.

Талғат Көпбаев дәрігерлер отбасынан шыққан, олардың әулетінде әртүрлі мамандықтағы 15-тен астам медицина қызметкерлері бар.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесінің төтенше жағдайдағы жұмысының алғашқы күндерінен бастап Талғат Көпбаев COVID-19-ға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі штабқа кірді. Медициналық ұйымдарды карантин жағдайында жұмыс істеуге ауыстыру, ауруханалар ашу, ең бастысы медициналық кадрларды даярлау – бұл оның барлық деңгейлерде орындайтын функциялардың қысқаша тізімі.
Қарағанды облысында жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде Талғат Көпбаев өзін аса қауіпті инфекциямен күресу жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін білетін маман ретінде көрсетті. Оның ұтқырлық пен жеделдігі, кез келген уақытта медициналық ұйымға көмекке келуге дайындығы, ал ең бастысы өз мамандығына деген адалдығы ерекшелендіреді.

Аса қауіпті инфекциялардың бактериологиялық, серологиялық және биологиялық диагностикасы саласындағы теориялық және практикалық дайындығы, сондай-ақ Талғат Көпбаевтың обаға қарсы қызметтегі тәжірибесі қазіргі қиын кезеңде көмегін тигізді.

Мамандық кез-келген адамның мінезіне, өмір салтына өз ізін қалдырады. Эпидемиолог Талғат Көпбаев – көптеген жылдар бойы қалыптасқан жоғары жауапкершілікпен және нақтылықп, барлық нұсқаулар мен ұсыныстардың орындалуы, есептер мен хаттамалардың дайындалуы, ең бастысы – өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы.

Барлық жас адамдар сияқты ол музыканы жақсы көреді, ал ең бастысы қызығушылығы – Қазақстан бойынша саяхат жасау және туған өлкенің тарихын зерттеу болып табылады.

#ҚРКФ #Қарағанды #АдамЕңбегіменКеремет