Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем строителя

Құрметтi құрылыс саласының қызметкерлерi!

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы атынан сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Құрлысшы – құрметті мамандық!
Себебі, елімізде бой көтеріп жатқан әрбір ғимаратта сіздердің алақандарыңыздың ізі қалуда.

Құрылыс саласы – ел экономикасының көрсеткіші. Еліміздің егемендік алған жылдардан бері қол жеткiзген жетiстiктерiнде сіздердің де қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз.

Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін!

Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!

Ізгі тілекпен, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталин