Жапондық кәсіподақтардың тәжірибесі онлайн түрде оқытылады

Бүгін ДЖИЛАФ Жапондық халықаралық Еңбек қорының ұйымдастыруымен JILAF ~ Евразиялық топтың онлайн оқу бағдарламасы басталды.

Ашылуында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин құттықтау сөз сөйледі.

«Біздің ұлттық кәсіподақ орталықтары Қазақстан мен Жапония кәсіподақтары мен еңбеккерлері арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іскерлік байланыстарды қолдайтынын қанағаттанушылықпен атап өтеміз. Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының өкілдері 1995 жылдан бастап JILAF бағдарламаларына белсенді қатысады. Жапониядағы жемісті ынтымақтастықтың барлық кезеңінде біздің 30 кәсіподақ жұмысшымыз оқудан өтті», – деп атап өтті ҚРКФ Төрағасы.

Сондай-ақ, Сатыбалды Дәулеталин JILAF Бас хатшысы Рие Сайто мен JILAF алмасу тобының директоры Тошиказ Саитоға кәсіподақ қозғалысының еркін демократиялық принциптерін дамытуға және лайықты еңбек жағдайларын ілгерілетуге қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді, сонымен бірге онлайн-оқу бағдарламасы еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде кәсіподақтар қозғалысының жұмысын сапалы жоғары деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Семинардың ашылуына JILAF Жапондық халықаралық Еңбек қорының  бас директоры Такаюки Яги, бас хатшы Рие Сайто және атқарушы директор Масаюки Шиота, сондай-ақ Беларуссия мен Украинаның кәсіподақ өкілдері де қатысты.

ҚРКФ атынан 2020 жылдың 21 қыркүйегі мен 25 қыркүйегі аралығында өтетін JILAF онлайн оқу бағдарламасына ҚРКФ Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев, салалық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев, Қызылорда облысы АКБ төрағасы Серік Сермағамбетов және ҚРКФ Халықаралық бөлімінің бастығы Шерзод  Пулатов қатысады.

Жапонияның Халықаралық еңбек қоры JILAF 1989 жылы тәжірибе алмасу және семинар-тренингтер өткізу үшін Жапония кәсіподақтар конфедерациясымен құрылған – дамушы елдердегі дұрыс әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуына ықпал етеді. 70% -ын үкімет қаржыландырады (Жапонияның Еңбек министрлігі).