ҚРКФ Бас кеңесінің мүшелері Атқару комитетінің құрамын сайлады

Дүйсенбі, 28 қыркүйекте сауалнама түрінде  Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясы Бас кеңесінің отырысының қорытындылары шығарылды.

Күн тәртібіндегі басты мәселе ҚРКФ  Атқару комитетінің мүшелерін және Федерация төрағасының орынбасарларын сайлау болды.

Алқалы атқарушы органның – Атқару комитетінің құрамы кезекті ХХVI съезде ҚРКФ Жарғысына енгізілген өзгерістерге сәйкес құрылды.

Осылайша, орындардың 60 пайызы немесе Атқару комитетіндегі 9 адам міндетті жарналарды уақытылы және толық төлейтін республикалық салалық кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері; 26 пайыз – ҚРКФ Жарғысының 45, 53-тармақтарының 1-тармақшасына сәйкес – лауазым бойынша – Атқару комитетінің төрт мүшесі және алғаш рет алқалы органның құрамына  Еңбеккер әйелдер комиссиясының бір өкілі және ҚРКФ Жастар кеңесінің бір өкілі енгізілді.

Бас кеңестің мүшелері гендерлік тепе-теңдікті де ескерді: Атқару комитетінің жаңартылған құрамында 45 пайыз – әйелдер. Салыстырып қарағанда, 2019 жылы әйелдер Атқару комитеті мүшелерінің 12 пайызын ғана құраған.

Сонымен қатар, дауыс беру қорытындылары бойынша алдағы бес жылға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасарлары  сайланды: бірінші орынбасар – Мұхтар Тінікеев, орынбасарлары – Гүлнара Жұмагелдиева және Нұрлан Өтешев.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Бас кеңес мүшелеріне  2 қыркүйекте өткен ҚРКФ-ның XXVI съезінде 2020-2025 жылдарға арналған Стратегия қабылданғанын, онда кәсіподақ қозғалысын дамытудың негізгі басымдықтары мен Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін  қорғау тетіктерін жетілдіру үшін тиімді әлеуметтік әріптестік құру міндеттері айқындалғанын атап өтті.

ҚРКФ басшысы Бас кеңес мүшелеріне стратегиялық құжаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда жемісті жұмыс тіледі.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі