Нұрлан Өтешев: «Кәсіподақтардың сайлауды бақылауға қатысуы еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау тұрғысынан ерекше маңызға ие»

ҚРКФ байқаушыларының республикалық штабының төрағасы Нұрлан Өтешев «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Арман Капесовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Нұрлан Өтешев партия өкілін Республикалық бақылаушылар штабының негізгі міндеттерімен таныстырып, кәсіподақтардан бақылаушыларды даярлау жөніндегі жұмыс туралы айтты.

Оның айтуынша, кәсіподақтардан 7 мыңға жуық адам дауыс беру барысын бақылайтын болады.

Бақылаушылардың көпшілігі өздерінің құқықтары, міндеттері мен функциялары түсіндірілген онлайн және оффлайн тренингтер мен семинарлар форматында қажетті дайындықтан өтті.

Пандемия кезінде бақылаушыларға заңнамалық аспектілермен қатар сайлау учаскелерінде сақтық шаралары түсіндірілді.

Ұзақ мерзімді бақылаулар миссиясын жүзеге асыру шеңберінде республикалық және аймақтық штабтар сайлау науқаны кезіндегі жағдайдың барысын үнемі бақылауда ұстайды және талдайды.

Штаб жетекшісі Кәсіподақтар федерациясы сайлаушыларға күшпен ықпал етудің кез-келген әрекетін тоқтатуға ниетті екенін атап өтті.

Бүкіл республика бойынша аймақтық штабтар еңбек ұжымдарымен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізеді, олардың барысында азаматтардың сайлау құқықтарының бұзылуын болдырмауға бағытталған кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Кәсіподақтардың сайлауды байқауға қатысуы кәсіподақ қозғалысының негізгі басымдықтарын – Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауды насихаттау тұрғысынан ерекше маңызға ие. Біздің басты міндетіміз – жұмыс берушілер тарапынан қандай да бір партияның пайдасына жұмысшыларға қысым көрсетуге жол бермеу және азаматтарға өздерінің таңдау еркіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік беру», – деді Нұрлан Өтешев.

«Нұр Отан» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Арман Капесов ҚРКФ-ның Қазақстандағы сайлау процесіне қоғамдық мониторинг жүргізу туралы бастамасын жоғары бағалады. Ол өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының әділ сайлау өткізуге ерекше қызығушылығын білдірді.

«Біз үшін сайлауға тікелей қатысушылар ретінде сайлау процесінің барлық кезеңдерде ашық және әділ өтуі өте маңызды. Біз еліміздің азаматтарын әділетті сайлау болуын қамтамасыз етуге шақырамыз», – деді Арман Капесов.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы