Тінікеев: «Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестермен бірге Еңбек адамының мүдделерін қорғау бойынша іс-шаралар қабылдауда»

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев Шығыс Қазақстан облысы «Ана мен бала орталығының» кәсіподақ активімен кездесті.

Кездесуге ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, ШҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов, «SENIM» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұржан Зейнуллин, «Ана мен бала орталығының» бас дәрігері Ермек Омарбеков, «Ана мен бала орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айнұр Смағұлова және мекеменің еңбек ұжымы қатысты.

Кездесуді аша отырып, Темірбек Қасымжанов бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен қолға алынған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында «Ана мен бала орталығының» бас дәрігері Ермек Омарбеков ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалғаны белгілі болды.

«Ана мен бала орталығы» – бұл жоғары білікті медициналық көмек көрсететін,  сонымен қатар облыстағы балалар мен әйелдерге консультациялық-диагностикалық қызмет көрсететін Шығыс Қазақстан облысындағы жалғыз емдеу-диагностикалық кешен.

«Ана мен бала орталығының» бастауыш кәсіподақ ұйымы 2016 жылдан бері қызмет етеді.

Орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айнұр Смағұлованың айтуынша, орталықта 1428 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 1301 – кәсіподақ мүшесі, бұл мекеме қызметкерлерінің 91,1% құрайды, оның ішінде 603 – 35 жасқа дейінгі жастар.

«Ұжымдық шартқа сәйкес мекеме қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер санына мыналар кірді: еңбек демалысына материалдық көмек, баланың туылуына байланысты әйелдерге материалдық көмек, қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты біржолғы сыйлық, қызметкерлерге курорттық емделу шығындарының өтемақысы, мерейтойлық датаны ынталандыру, мамандарға жалдау ақысының орнын толтыру. 150 000 теңге көлемінде жас мамандарға көтерме қаражат бөлінеді», – деді Айнұр Смағұлова.

Биылғы жылы Орталықтың ұжымдық шартына қосымша тармақ қосылды, оған сәйкес мерейтой иелеріне, жақын туыстарын жерлеуді ұйымдастыруға материалдық көмек, мақсатты төлемдер екі есеге артты.

Мекемеде еңбекті қорғау бойынша 40 қоғамдық инспектор, өндірістік кеңес жұмыс істейді. Техникалық инспекторлар біліктіліктерін арттырады және белгіленген уақытта сертификаттаудан өтеді. Соңғы 3 жылда Орталықта қызметкерлер арасында бірде-бір жазатайым оқиға тіркелген жоқ.

Кәсіподақ жұмысшылардың денсаулығын жақсарту үшін үнемі жұмыс жасайды.

Өткен жылы ҚРКФ-дан бөлінген жолдамалар бойынша Орталықтың коронавируспен ауырған 4 дәрігері Кәсіподақтар федерациясының шипажайларында ақысыз оңалту курсынан өтті.

Атаулы әлеуметтік көмек аясында кәсіподақ мүшелеріне ақшалай сертификаттар бөлетін «SENIM» салалық кәсіподақтың облыстық филиалы ұсынатын қолдауға ерекше назар аударылды.

2 миллион 590 мың теңгенің тұрғын үй сертификатын иеленушілердің бірі №1 педиатрия бөлімінің меңгерушісі Назым Саменова болды.

«Мен «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна ретінде пайдаланған тұрғын үй сертификатының арқасында біздің отбасымыз екі бөлмелі пәтерде тұрады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен кәсіподақ ұйымына және «SENIM» салалық кәсіподақ ұйымына алғысымды білдіргім келеді», – деді Назым Саменова.

Дәрігерлерді орналастыру туралы қамқорлық емдеу мекемесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Орталықтың көп қабатты үйде жеке тұрғын үй қоры бар, пәтерлері жеке тұрғын үйі жоқ дәрігерлерге және басқа қалалардан келгендерге бөлінеді. Егер тұрғын үй қоры жетіспейтін болса, ұжымдық шартта мұндай мамандардың жалдау ақысын өтеу қарастырылған.

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде кәсіподақ ұйымы мен мекеме басшылығы дәрігерлердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен көлеміне байланысты айлық жалақының мөлшері дифференциалды түрде белгіленеді деген келісімге келді. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің жалақысының жақында көтерілгеніне қатысты емес көмекші және әкімшілік қызметпен айналысатын кіші медициналық персоналдың жалақысына қосымша төлемдер белгілеу туралы шешім қабылданды. Осы жылдан бастап олардың жалақысы бюджеттен тыс қорлар есебінен 20%-ға көтерілді.

Келісімнің маңызды тармағы – жас дәрігерлерге 150 000 теңге көлемінде көтерме қаражат бөлу шарты.

Кездесуде сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева медицина қызметкерлерін мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы айтты.

«Бүгінде біз үшін жергілікті жерлерде мәселелерді анықтай алу үшін Кәсіподақтар федерациясы арқылы байланыста болу маңызды. Дегенмен, бірқатар шешілмеген мәселелер бар: Біріншіден, хирургиялық мамандыққа ие  дәрігерлерге жалақы төлеу жүйесіне шағымдар бар. Екіншіден, медициналық білімі жоқ зертханалардың қызметкерлеріне медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеруді реттейтін №1193 қаулы қолданылмады. Өткен жылдың шілдесінде «Халық денсаулығы туралы» кодекстен санаттар беру туралы тармақ алынып тасталды. 1 қаңтардан бастап санаттар берілмейді. Дәрігерлерде санаттар мерзімі таусылып келеді. Барлық осы мәселелер бойынша біз Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп сіздердің негізделген ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз», – деді Екатерина Смышляева.

Өз кезегінде «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұржан Зейнуллин депутатқа және Кәсіподақтар федерациясына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, тиісті өтінімдер орталық мемлекеттік органдарға жіберілгенін атап өтті.

Темірбек Қасымжанов саланың өзекті мәселелері тұжырымдалып, жақын арада Кәсіподақтар федерациясына жіберілетіндігін баса айтты.

 

Отырысты қорытындылай келе, ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медицина қызметкерлерін қолдау шаралары туралы айтты.

«Еңбектің лайықты және қауіпсіз жағдайларын жасау, ең төменгі жалақыны көтеру мәселелері Федерация съезінде қабылданған ҚРКФ Стратегиясында көрініс тапты. Алғаш рет үш республикалық кәсіподақ бірлестігі 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім жобасын бірге жасады. Бас келісімге қол қойылғаннан кейін ең төменгі жалақы мәселесін қарастыру, ХЕҰ конвенцияларын ратификациялау және басқа мәселелер бойынша жұмыс топтары құрылады. Сонымен қатар, Федерацияның өзінде Еңбек кодексіне, «Кәсіподақтар туралы» заңға өзгерістер енгізу және «Әлеуметтік әріптестік туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс топтары құрылды. Біз алға ұмтылудамыз және кәсіподақ депутаттары (Е. Смышляева, Б.Бекжанов, М. Төлепберген) арқылы оларды заңнамалық бастама шеңберінде жоғарылатуды бастамақпыз», – деді Мұхтар Тінікеев және қарапайым жұмысшылардың барлық өзекті мәселелері үкімет мүшелерінің назарына жеткізілетініне сендірді.

«Біз күн сайын Еңбек министрлігімен және басқа да әлеуметтік әріптестермен еңбек ұжымдарындағы жағдайлар, оның ішінде медицина қызметкерлерінің мәселелері бойынша кеңестер өткіземіз. Өткен жыл сіздер үшін күрделі сынақ болды. Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген адамдарға алғыс айтамыз», – деп қорытындылады ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы