Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жазғы еңбек жасақтарының қатысушылары үшін еңбек заңнамасын түсіндірді

“Павлодар облысының білім беру басқармасы” ММ ақпараты бойынша 2021 жылы жазғы каникул кезеңінде 3240 жоғары сынып оқушыларын көгалдандыру және абаттандыру, кәсіпорындар мен мектеп орманшылықтарындағы жұмыс бойынша жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

2021 жылғы 31 наурызда Павлодар облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық мәслихаттың депутаты, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Н. Айтжанованың төрағалығымен “Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы” ММ басшысының м. а. Руслан Тлеулесовтың 2020 жылы 14 бағыт бойынша 2100 жоғары сынып оқушысы жұмысқа орналастырылған “Жасыл Ел” еңбек жасақтары облыстық штабының жұмысы туралы ақпараты тыңдалды. Комиссия жастарды еңбек бірлестіктерінің, студенттік отрядтардың, жастар еңбек биржаларының және жастарды жұмыспен қамтудың басқа да нысандарының қызметіне тартуды жалғастыруға қаулы етті.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жоғары сынып оқушыларын жазғы демалыс кезеңінде жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын қамтамасыз ете отырып, күніне 4 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының нормасын сақтай отырып, кәмелетке толмағандармен қатар еңбек шартында қол қою арқылы білдірілген заңды өкілдерінің келісімімен ғана денсаулығына зиян келтірмейтін жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушыларды жұмысқа орналастыру бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбек заңнамасы мәселелері бойынша оқушылар мен заңды өкілдерді тәулік бойы 87088614656 жедел желі телефоны бойынша хабардар етуді ұйымдастырды.