Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясы өтті

2021 жылғы 8 маусымда Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы, Павлодар облысының аумақтық бірлестігінің төрайымы Д. Н.Айтжанова VII шақырылған Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясына қатысты.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес облыстық мәслихаттың “2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2021-2023 жылдары іске асыру жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы; Павлодар облысы мәслихатының “Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды»; тұрақты комиссиялардың, жастар саясаты жөніндегі облыстық Кеңестің, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның, облыстың ескерткіштерді және мәдениет тарихын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы.

VII шақырылған Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясының 2021 жылға арналған шешімі бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі белгіленді, Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері өзгертілді.

Облыс әкімі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі облыстық Кеңестің құрамына: Атабаева Гүлзира Нұржанқызы “YNTYMAQ “Қазақстан Орта және шағын бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы”РҚБ Павлодар филиалының төрайымы кірді.