Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Элеонора Омарова 2002 жылдың сәуір айынан бастап Қарағанды облысы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК УДЗ дәрігері болып жұмыс істейді.

Элеонора Омарова Қарағанды мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітіргеннен кейін, Балқаш қалалық балалар ауруханасының базасында педиатрия бойынша интернатурадан өтіп, Балқаш қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясына жіберілді, онда 1989-2002 жылдар аралығында дәрігер болып жұмыс істеді.
Сәулелік диагностика дәрігерінің жоғары біліктілік санатына ие, өзінің кәсіби білімін арттыру үшін үнемі ізденісте жүреді. Ол ең маңызды миссиялардың бірі – адамдардың денсаулығын нығайту бойынша көп жұмыс атқарады.

Элеонора Омарова өзін функционалды міндеттерін адал орындайтын білікті маман ретінде көрсетті. Диагностика әдістемесін, шағын инвазивті әдістерді, скринингтік диагностиканы, шұғыл көмек көрсетуді меңгерген. Өз жұмысында клиникалық әдістерді қолдана отырып диагностиканың заманауи тәсілдерін кеңінен қолданады. Оның диагностикалық қызметі науқасты мұқият клиникалық зерттеуге, патологиялық процестің статистикасы мен динамикасын, жеке ерекшеліктерін зерттеуге негізделген.

2004 жылы Элеонора Қасқырбекқызы «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды. Ол кәсіподақ көшбасшысы ретінде ұстамдылығымен, әріптестеріне қатысты шынайылығымен, орта медициналық және кіші қызметкерлерге талаптылықпен, пациенттер мен олардың туыстарына сезімталдықпен және ықыласпен қарауымен ерекшеленеді.

Элеонора Омарова «SENIM» кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының қалыптасу бастауында тұрды және алғашқылардың бірі болып кәсіподақ мүшелерінің қатарына кірді. Оның кәсібилігі мен кәсіподақ қозғалысындағы тәжірибесінің арқасында жүйелі негізде «SENIM» кәсіподағының облыстық филиалына да, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына да консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуге әрқашан дайын, сонымен қатар ол «SENIM» кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы Атқару комитетінің мүшесі болып табылады.
Жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысына қосқан зор жеке үлесі үшін Элеонора Омарова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды облысы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен марапатталған.