РҮК отырысы: әлеуметтік әріптестер әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

Елордада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия мүшелері еңбек қатынастары мәселелерін, атап айтқанда, кәсіптік тәуекелдер картасы, жалақы бойынша берешек, жұмысшылардың жұмыстан босатылуы, аймақтардағы және салалар деңгейіндегі үшжақты комиссиялардың жұмысын қарады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов өз баяндамасында кәсіптік тәуекелдер картасы шеңберінде кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде 254 кәсіпорында мәселелер анықталғанын және қазіргі уақытта оның 183-інде еңбек заңнамасы аясында жағдай тұрақталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, ҚРКФ мониторингіне сәйкес, жыл басынан бері республиканың кәсіпорындарында 37 еңбек дауы тіркелген. Сонымен бірге 37 кәсіпорының тек 19-да кәсіподақ ұйымы бар. Туындаған еңбек дауларының негізгі себептері – жалақы бойынша берешек, жалақының төмендігі, шетелдік және отандық жұмысшылар арасындағы жалақының айырмашылығы, бір саладағы еңбекақы жүйесіндегі айырмашылықтар, жалақы индекстелмегендігі, еңбек жағдайларының нашарлауы, жұмыс уақытымен келіспеушілік және басшылықтың қызметіне қанағаттанбау болып табылады.

Еңбекақы бойынша берешек мәселесіне келетін болсақ, Еңбек министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 857 миллион теңгені құрайтын қарыз мәселесі 81 кәсіпорында сақталуда. Сондай-ақ, елдің жекелеген кәсіпорындарында жұмысшыларды босату мәселесі өзекті деп атап өтілді. Сонымен, қазіргі уақытта 7,4 мың адам жұмыстан босатылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2021 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 1 миллион 200 мың адамды қамтиды, оның ішінде: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шаралары – 700 мыңнан астам адам; Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 41 мың жұмыс орны құрылады, оның 28 мыңы тұрақты; басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 440 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін талқылады. Еңбек министрлігі ұсынған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардан 564 адам зардап шекті, оның ішінде 66 адам қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Кәсіподақтар федерациясы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін бірінші кезектегі мәселе деп санайды. Қазіргі уақытта ел кәсіпорындарында 15 мыңнан астам өндірістік кеңестер жұмыс істейді, олардың 11 мыңы ҚРКФ кәсіподақ ұйымдарының бастамашылығымен және Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ ұйымдарынан 18 мыңға жуық техникалық инспекторлар еңбек қауіпсіздігін қадағалайды.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық және аймақтық комиссиялардың жұмысы туралы мәселені қарау кезінде ҚРКФ төрағасы 19 наурызда Бас келісімге қол қойылғаннан кейін бір апта өткен соң Кәсіподақтар федерациясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне жергілікті комиссияларды тікелей әкімдердің өзі басқаруы, жергілікті комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізу, соның ішінде АКБ базаларында және оларда АКБ төрағалары тең төрағалық етуі, әлеуметтік әріптестік аясында өткізілген жұмыстарды көрсету үшін әкімдік сайттарында жеке бөлімдерді ашу туралы ұсыныстармен шықты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қалыптасқан жағдай бірқатар өңірлерде комиссия шешімдері тиісті деңгейде орындалмай жатқанын және міндетті болып табылмайтынын көрсетеді.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссиясының отырысы шеңберінде Бас келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсын және республикалық байқауды өткізу мәселелері қарастырылды.

Еңбек министрлігінің ақпараты бойынша, «Парыз» байқауына қатысу үшін қазақстандық кәсіпорындардан 259 өтінім, «Еңбек жолы» байқауына 396 өтініш келіп түсті.

Отырысқа қатысушылар 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы Бас келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Республикалық үшжақты комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және еңбек саласындағы мәселелерді шешу үшін әлеуметтік әріптестердің бірлескен іс-әрекеттерін күшейтудің негізгі  бағыттары бойынша бірқатар ұсыныстар берді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкімдеріне салалық үшжақты келісімдердің негізгі талаптарының уақтылы орындалуына бақылауды күшейту, сондай-ақ ретінде еңбек ұжымдарындағы кәсіподақ ұйымдарының ықпалын арттыру тапсырылды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы