«SENIM» денсаулық сақтау кәсіподағының облыстық турнирі ұйымдастырылды

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы, «Болашақ» Қарағанды жоғары колледжінің алаңында Медицина қызметкерлері күніне орай жыл сайынғы шағын футбол, шахмат және тоғыз құмалақ бойынша турнир өткізді.

Пандемия кезеңінде медицина қызметкерлерінің жүктемесін ескере отырып, осы спорттық іс-шараны өткізу Денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдында жаңа көкжиектер ашады және ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарта отырып және кәсіподақ мүшелігінің уәждемесін күшейтуге ықпал етеді, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, Еңбек адамының маңыздылығын арттырады.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «Қарағанды қаласының № 4 емханасы» КМК директоры Қанат Асқаров және «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК директоры Зульфикар Әбілқасымов құттықтау сөз сөйледі.

Турнир қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын алды, ал жүлдегерлерге кубоктар, ақшалай сертификаттар мен грамоталар табыс етілді.

Шағын футбол бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орынды «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК алды, кубок және 100 000 теңге сомасында ақшалай сертификат берілді; 2 орынды «Облыстық клиникалық аурухана» КМК иеленді, кубок және 70 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді; 3 орынға кубок және 50 000 теңге сомасында ақшалай сертификатқа «Қарағанды қаласының № 3 емханасы» КМК ие болды.

Шахмат турнирінде: 1 орынды «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК қызметкері Мақсат Оразбеков иеленді, 50 000 теңге сомасына ақшалай сертификат берілді; 2 орынды «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК қызметкері Дәурен Бугембаев иеленді, 30 000 теңге сомасына ақшалай сертификат берілді; 3 орынды «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК қызметкері Сергей Хильчук 20 000 теңге сомасына ақшалай сертификат табыс етілді.

Тоғыз құмалақ турнирінде жүлделі орындарға ие болды: 1 орынды «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК қызметкері Серікбай Баратбек иеленді, 50 000 теңге сомасында ақшалай сертификат берілді; 2 орынды «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» КМК қызметкері Гүлжан Қартабаева алды, 30 000 теңге сомасында ақшалай сертификат берілді; 3 орынды «Балқаш қаласының орталық ауруханасы» КМК қызметкері Руслан Рахышев 20 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді.