Кәсіподақтар федерациясы ХЕҰ сарапшыларына Қазақстанда ТДМ-ді ілгерілету туралы көзқарасты ұсынды

Бүгін БҰҰ реформасы, ТДМ және лайықты еңбек бойынша әлеуметтік әріптестерге арналған «БҰҰ процестерінде әлеуметтік әріптестердің пікірлері ескерілуін қамтамасыз ету» бойынша субаймақтық тренингтің қорытынды вебинары өтті.

Тренингті Халықаралық еңбек ұйымы 2021 жылдың 8-24 қыркүйек аралығында әлеуметтік әріптестер – ұлттық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа мемлекеттер сынды әртүрлі елдердегі жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін ұйымдастырды.

Оқу курсының шеңберінде БҰҰ мен ХЕҰ сарапшылары қатысушыларды БҰҰ реформалық процестеріне қатысудың ұлттық деңгейде қатысуға елдік көзқарасын ұсынуға және 2030 жылға тұрақты даму күн тәртібіне қол жеткізуге шақырды.

Қорытынды вебинар барысында ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестермен – Еңбек конфедерациясы мен Қазақстан жұмыс берушілері конфедерациясымен бірге жасаған тұжырымдамасын ұсынды.

Құжат біздің елдің ТДМ жету үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін бағалайды, сонымен қатар бар кедергілерді жою бойынша шараларды ұсынады.

Мүмкіндіктер туралы айта отырып, Нұрлан Өтешев Қазақстанның әлеуметтік әріптестерінің ХЕҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, ХЕҰ-ның іргелі конвенцияларын ратификациялау, сондай-ақ әлемдік қауымдастық қолдаған маңызды энергетикалық-экологиялық бастамаларды Қазақстанның жүзеге асыруы сияқты маңызды сәттерді атап өтті.

Ол Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ТДМ енгізу мен жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде ТДМ жету процестеріне қатысуы туралы баяндады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесіне жұмысшылар мен жұмыс берушілер өкілдерінің тікелей қатысуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Ол әлеуметтік әріптестер мен халық арасында ұлттық деңгейдегі ТДМ туралы ақпараттандыруды арттыру қажеттігін атап өтті.

«Жастар үшін кәсіподақтар тартымды емес. Кәсіподақ жұмысына кәсіподақ белсенділерін жүйелі түрде оқытуды қамтамасыз ету қажет. Виртуалды байланыс жүйесі жұмыс орындарының қысқаруына және жалақының төмендеуіне әкеледі. Әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейінде ТМД күн тәртібімен әлеуметтік диалогты жандандыру қажет. Қазақстан ратификациялаған ХЕҰ конвенцияларының нормаларын, оның ішінде 87-ші конвенцияның нормаларын енгізуді жалғастыру маңызды», – деді Нұрлан Өтешев.

ТМД-ді ілгерілетуді одан әрі жандандыру үшін презентация авторлары ХЕҰ-ның сараптамалық қолдауының маңыздылығын оның ішінде гендерлік теңдік, жалақы, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығы, жастарды жұмыспен қамту және лайықты еңбек мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер мен консультациялар өткізуді атап өтті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы