Кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді

«ҚуатАмлонМұнай» кәсіпорнының кәсіподақ ұйымының ер азаматтары әріптестерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Вахталық кен орнында компанияның кәсіподақ ұйымы төрағасы Айбек Әбдреев бастаған ұжым мүшелері нәзік жанды әріптестерін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, оларға әйел-ананың келбетін сақтай жүріп жасап жүрген қажырлы еңбектері үшін өз алғыстарын білдірді. Мерекелік құттықтауда мұнай компаниясының кәсіподақ мүшелері Сара Сәпиева, Гүлдана Нұрлыбаева мен Ғазия Қайырбаеваға Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының алғыс хаттары тапсырылып, жергілікті кәсіподақ атынан ұжымдастарына қаржылай сыйлықтар табысталды.