Соболезнования в связи с уходом из жизни Бутиной Мереке Сагимбаевны

ҚР Кәсіподақтар федерациясы және өз атымнан Денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының бұрынғы төрайымы Мереке Сағымбайқызы Бутина дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, тума-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Мереке Сағымбайқызы басшылық жасаған салалық кәсіподақтың еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының дамуына қосқан зор үлесін айрықша атап өтуге болады. Осының барлығы Мереке Сағымбайқызының елеулі еңбегінің көрінісі болып табылады.
Мереке Сағымбайқызы еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінде 45 жыл, ал кәсіподақтар қызметінде 30 жылдан аса қызмет атқарды. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты, бірлікті, бейбіт пен келісімді әрқашан басты орынға қоятын апамыздың арамызда жоқтығы қабырғамызды қайыстырды.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин