Поздравление Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан с Днем учителя

Құрметті білім беру саласының қызметкерлері!
Қадірлі ұстаздар!
       Елімізде қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні. Сіздерді осындай айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
       Бұл күн әрқайсымыз үшін өте жылы және жарқын мереке, өйткені, ұстаз жай мамандық емес, қиын да жауапты миссия. Оның басты мақсаты – еліміздің ертеңгі тағдырын қалыптастыратын білімді ұрпақ тәрбиелеу.
       Нағыз ұстаз әрқашан мектеп бағдарламасында белгіленгеннен де көп тәрбие үйретеді, ол жас буынның өзін-өзі түсінуіне, ең жақсы адами қасиеттерін ашуға, сайып келгенде өмірден өз жолын табуға көмектеседі.
       Сіздер таңдаған мәртебелі мамандық арқылы жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиеге баулып, сан  шәкірттің көкірегіне шырақ жағып, өмірге жолдама бересіздер. Шәкірттеріңіздің жетістіктері – Сіздердің жеңістеріңіз! Бұл сіздердің мамандықтарыңыздың ерекшелігі мен жауапкершілігі!
      Сіздер тәрбиелеген шәкірттер Қазақстанның болашақтағы даму деңгейін айқындайтын болғандықтан, жүктелген жауапкершілік салмақты.
      Білімге баулып, биікке талпындырған шәкірттеріңіз жоғары жетістіктерге жетіп, еліміздің мәртебесін асқақтатсын! Отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин