Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем Республики

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!

Биыл еліміз 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін атап өтпек. Осындай айтулы күннің мемлекеттік деңгейде тойлануы – әр қазақстандықтың көңілінен шыққан оң шешім болғаны анық.
Өздеріңіз білетіндей, 1990 жылғы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
Алға қойған мақсаттары биік, міндеттері зор, арманы асқақ, талабы таудай еліміз бүкіл дүние жүзі мойындаған мемлекетке айналды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге қабілетті тиімді экономиканың негізі қаланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуына жол ашылды.
Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынып, Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өту қажеттігін жеткізді.
Әлбетте, тәуелсіздігіміз баянды, тұғырымыз берік болу үшін оның бастауы – Республика күнінің ерекше маңызға ие болуы өте өзекті.
Еліміз бағындырған биік белестер мен асқан асуларында, қол жеткізген жетістіктерінде Сіздердің әрқайсыларыңыздың да адал еңбектеріңізбен айшықталған қолтаңбаларыңыз бар.
Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Ұлы даламызда көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Сіздерге халқымыздың бірлігі мен берекесіне бастайтын мерейлі мереке күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин