«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» Еңбеккерлердің мүддесі – басты назарда

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Батыс Қазақстан облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

Онлайн кездесу барысында «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Абуев бастауыш ұйымның жұмысымен таныстырды. Көру қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты 1996 жылы құрылған және Батыс өңірінің (БҚО, Маңғыстау облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы) облыстық білім беру мекемесі болып табылады.

Штат саны – 123, барлығы – бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері.

Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау болып табылады. Ұжымда жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының төрағасы арасында өкілдік ететін 3 жыл мерзімге негізделген ұжымдық шарт талқыланып, қол қойылды.

Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалған. Ұжымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылды, ол еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік жарақаттардың алдын алу бойынша жұмыс беруші мен қызметкерлердің бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды тексеруді ұйымдастыратын техникалық қызметкер жұмыс атқарады.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ынталандыру және кәсіподақ ұйымына саналы мүшелікті қалыптастыру жұмыстары түрлі семинарларға, форумдарға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады. Бірнеше жылдан бері еңбек ұжымы республикалық «QAZAQSTAN  KASIPODAGY» газетінің тұрақты оқырмандары болып табылады.

Кәсіподақ комитеті қызметкерге қиын материалдық жағдайына байланысты өтініш берген кезде және оны қарағаннан кейін материалдық көмек көрсетеді.Жақын адамынан айырылған жағдайда материалдық көмек жалпы келісім бойынша автоматты түрде көрсетіледі.

Сондай-ақ, онлайн кездесуге «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Әлия Әбиева және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ төрағасы Марат Даупаев қатысты.

Ә.Әбиева «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» филиалының жұмысы мен және атқаратын қызметімен   таныстырды. М.Даупаев «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің атқарған жұмыстары туралы айтты. Бүгінгі таңда БҚО білім қызметкерлері кәсіподағының мүшелерінің саны 40 000 адамды құраса, олардың арасында облыстағы екі жоғары оқу орнының қызметкерлері бар. Биыл еліміздегі 4 шипажайда 1000-нан астам педагог санаторлық-курорттық емделуге жолдама алды.

Отырысты қорытындылаған ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев бастауыш ұйым мүшелерін Кәсіподақтар федерациясының жұмысымен таныстырды.

«Кәсіподақ – Қазақстан Республикасының 2 миллионнан астам еңбекке қабілетті тұрғындарын біріктіретін демократиялық ұйым, бұл өте үлкен көрсеткіш және біздің ортақ жемісті жұмысымыздың нәтижесі. Біз кішкентай қадамдармен үлкен мақсаттарға жетеміз», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасының орынбасары.

Нұрлан Өтешев Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған қызмет стратегиясын жүзеге асыру аясында атқарып жатқан шараларға кеңінен тоқталды.

Оның айтуынша, еңбек ұжымдарымен кездесулер кәсіподақтың қарапайым мүшелерінің нақты жағдайын бақылап, олардың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.