Өз ісінің майталманы

«Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Мақсат Рзаханов 1966 жылы 2 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев кентінде дүниеге келген. Университетті бітіргеннен кейін ол инженер-құрылысшы біліктілігін алды. 1991 жылы еңбек жолын Маңғыстау облысы «Қара» шағын кәсіпорны директорының орынбасарынан бастады.

Сол уақыттан бастап 2010 жылға дейін қаланың әртүрлі коммерциялық және бизнес құрылымдарының басшылық лауазымдарында жұмыс істеді. 2010 жылдың қыркүйегінде ол «Oil Construction Company» ЖШС Жетібай құрылыс-монтаж басқармасы жол учаскесі басшысының орынбасары қызметін атқарған өңірдің мұнай-газ саласы жүйесіне көшті. «Oil Construction Company» мұнай сервистік компаниясында жұмыс істеген кезеңінде М.Рзаханов өзін сауатты және жоғары білікті маман, мұнай және газ өнеркәсібінің ерекшелігін білетін және жауапты қызметкер, өндірістің озық маманы ретінде көрсетті. Ол еңбек ұжымының қоғамдық өміріне, кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының жұмысына белсенді қатысты. 2014 жылдың қаңтарында ол «Oil Construction Company» ЖШС «Қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды, онда ол қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін шебер қорғады.

2018 жылы «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы болды. Өз қызметі барысында мұнай-газ кешені, салалық кәсіподақ қозғалысы кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға және еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуге, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде кәсіподақтардың рөлін арттыруға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға елеулі үлес қосты.

Көпжылдық және мінсіз еңбек қызметі үшін М.Рзаханов ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл», Құрмет грамотасымен және мерейтойлық медалімен, Маңғыстау облысы әкімінің грамоталарымен, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның грамоталарымен, «Салалалық кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» ҚРКФ медалімен, сондай-ақ, өзге де грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.