Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с праздником Ораза Айт

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын!
Бұл мерейлі мерекенің терең мағынасы рухани кемелдену, тазару идеяларымен тығыз байланысты. Мереке адамзаттың маңызды құндылықтарын қамтиды: мейірімділікті, игілікті, бірлікті, ізеттілікті, қайырымдылықты, жақынына деген сүйіспеншілікті дәріптейді.
Ораза айт – қасиетті Рамазан айын аяқтайтын исламның ең үлкен мерекелерінің бірі. Барша мұсылмандар үшін бұл күні мерекелік көңіл-күйге бөленіп, сусын мен тамақ ішу парыз етілген. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді.
Жаратушы Иеміз әрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірім-шапағатын төксін!
Сіздерге және отбасыларыңызға бақ пен береке, бірлік пен игілік тілеймін. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақымызды, барша игі ималымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин