Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с великим праздником весеннего обновления, мира и добра – Наурыз!

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Баршаңызды жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт. Осынау Ұлыстың ұлы мейрамы халқымызды береке мен бірлікке, ырыс пен ынтымаққа, дәулет пен даму жолына бастасын деп тілейік.
Әз-Наурыз – ізгілік пен мейірімділіктің, татулық пен тыныштықтың, бейбіт өмір мен ерен еңбектің нышаны. Еліміздің ынтымағы мен мерейін асырып, адамдар арасында сыйластықты арттыратын, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетілетін бұл мерекенің маңызы ерекше.
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, құт-береке арқауы – Наурыз мерекесі әр шаңыраққа молшылық әкелсін! Ұлыстың ұлы күні берекелі істерге, таусылмас ырыс-дәулетке, қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігін одан әрі нығайта түсуге бастасын!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин