Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с праздником Ораза айт

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!
Ораза айт – мұсылман қауымын имандылыққа шақыратын, ағайынның бауырмалдылығын күшейте түсетін мереке. Отыз күнгі қасиетті Рамазан айында тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болып, жасаған ізгі амалдарыңыздың сауабы арта берсін.
Айт мейрамы берекелі істерге, таусылмас ырыс-дәулетке, қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігін одан әрі нығайта түсуге бастасын. Сіздерге және отбасыларыңызға бақ-береке, толағай табыс, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін! Айт қабыл болсын, ағайын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин