Қадірлі кітапхана саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кітапханашылар күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Кітап – адамзат ақыл-ойының сарқылмас мұхиты, өткеннің өнегесі мен келешектің кемелдігін жалғаған алтын көпір. Ал сіздер – сол қазынаның адал сақшысы, білім мен мәдениеттің ұлағатты мұрасын ұрпақтан ұрпаққа аялап жеткізуші қасиетті шаңырақтың қамқоршысыздар.
Бүгінгі цифрландыру дәуірінде де сіздердің атқарып жатқан еңбектеріңіздің маңызы өте жоғары. Сіздердің қажырлы істеріңіз қоғамның мәдени өресін биіктетуге, жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге өлшеусіз үлес қосып келеді.
Кәсіподақтар федерациясы үшін әрбір еңбек адамының құқығы мен әлеуметтік жағдайы әрқашан басты назарда қалады. Біз алдағы уақытта да мәдениет саласы қызметкерлерінің, соның ішінде кітапханашылардың еңбек жағдайын жақсарту, кәсіби мәртебесін көтеру және лайықты еңбекақы алуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра береміз.
Осы мерейлі күні баршаңызға мұқалмас қажыр-қайрат, шығармашылық шабыт және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Еңбектегі толағай табыстарыңыз арта берсін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин
