Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Всемирным днем охраны труда

Құрметті еңбеккерлер, қадірлі әріптестер!
Бүгін адам еңбегінің қадір-қасиетін асқақтататын айтулы күн — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні.
Табанды еңбектің арқасында мемлекетіміздің іргесі бекіп, болашағымыз айқындалып келеді. Өз ісіне адал, маңдай терімен ел игілігін еселеп жүрген әрбір Еңбек адамы — біз үшін ең жоғары құрмет пен шынайы алғысқа лайық.
Бұл күн — жұмыс барысындағы қауіпсіздіктің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салатын салмақты сәт. Өйткені біздің ең басты құндылығымыз — адам өмірі. Оны қорғау және әрбір жұмыс орнында қатерсіз орта қалыптастыру — біздің ортақ жауапкершілігіміз бен азаматтық борышымыз.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Еңбек адамының заңды құқығы мен қауіпсіздігін қорғауды басты парызы санап келеді. Әрбір еңбеккердің еңбегі бағаланып, әр жұмысшының үйіне аман-есен оралуы үшін біз бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Себебі қауіпсіз еңбек пен лайықты жағдай — тұрақты дамудың негізі.
Қадірлі еңбек адамдары! Еңбектеріңіз жемісті болып, тек табыстарға ұлассын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қажымас қайрат тілеймін! Әрбір жаңа күн тек жақсылық пен амандық әкелсін!
Еңбек адамының мәртебесі биік болсын! Ортақ мақсат жолындағы бірлігіміз бекем, жұмысымыз берекелі болғай!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин