Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников химической промышленности

Federation News 31.05.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников химической промышленности

              Құрметті химия өнеркәсібінің қызметкерлері! 
Ардақты сала ардагерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанда жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде кәсіби мереке – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл күні өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруға үлес қосып жүрген осы мамандық иелеріне және  еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіледі.

Химия өнеркәсібі — еліміздің экономикалық қуатын арттырып, өндірісті ілгерілетіп отырған маңызды саланың бірі. Бұл салада еңбек ету жоғары жауапкершілікті, терең білімді және төзімділікті талап етеді.
Сіздердің күрделі технологияларды меңгеріп, отандық өнім сапасын арттыру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз зор құрметке лайықты. Саланың іргетасын қалап, өндірістің дамуына өмірлік тәжірибесін арнаған ардагерлерімізге алғысымыз шексіз.

Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы

  С.Дәулеталин