Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!
Баршаңызды айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен ҚР Кәсіподақтар федерациясының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Көк байрағымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – бұл біздің Тәуелсіздігіміздің бойтұмары, ұлттық мақтанышымыз бен бірлігіміздің символы. Рәміздерге деген құрмет – бұл Отанға, туған жерге және ата-бабаларымыздың асыл мұрасына деген шексіз тағзым.
Бүгінгі таңда Қазақстанның көк туы әлемдік ареналарда беделді ұйымдар мен өндіріс орындарында асқақтап тұр. Бұл – әрбір қазақстандықтың, әрбір жұмысшының қосқан үлесі мен маңдай терінің жемісі.
Осынау мерекелі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!
Еліміздің рәміздері әрқашан биіктен көрініп, жүрегімізде Отанға деген мақтаныш сезімі лаулай берсін.
Еңбегіміз өнімді, болашағымыз баянды болғай!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С.Дәулеталин